Қоғам

Көшеде намаз оқыған оқушының әрекеті желіде қызу талқыға түсті

Желі қолданушылары оқушының бұл әрекетіне түрлі пікір білдірді

Көшеде сырт киімін шешіп, намаз оқыған оқушының әрекеті көпшіліктің қолдауымен қатар наразылығын да тудырды деп хабарлайды  KYN.KZ.

Желіге салынған суреттен баланың жайнамаз орнына күртешесін қойып, намаз оқып тұрғанын, бас жағына сөмкесін қойып қойғанын байқауға болады.

Әлемжелі қолданушылары оқушының бұл әрекетіне қатысты түрлі пікір білдіріп, жазба қалдырыпты.

Біреулер "Аллам сенің дұғаңды қабыл етсін", "Қазақтың барлық ұлдары осындай болса ғой", "Ата-анасына рақмет", "Осындай жастар біздің болашағымыз" деп қолдап жатса, енді бірі "Дұрыс емес, дін дегенді мектепке мүлде жолатпау керек", «Не мынау сабақтың уақытында намаз оқып. Білім алмай ма?»,  «Сабағыңды оқы, балақай, дінге үлгересің» деп сөгіп жатыр.