Мәдениет

“Мені саханадан алып тастағысы келетіндер бар”: Бақыт Шадаева өзін өнерден шеттеткісі келетіндер туралы айтты

Өмір жолында көп қиындық көрген әнші оларға оңайшылықпен берілмейтінін жеткізді

Бақыт Шадаева өзін сахнадан алып тастағысы келетіндерге "Менің өмірім" бағдарламасында жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Әнші кім не айтса да, оның тарихтағы атын өшіре алмайтынын жеткізді. 

“Өнер деген бақталас дүние ғой. Өнер бәйге сияқты. Онда тек жүйрік аттар ғана жеңіске жетеді. Жігерлі, көне білетіндер ғана өте алады. Өмір деген солай. Әрине, мені саханадан алып тастағысы келетіндер бар. Оны да қабылдаймын, қарсылығым да жоқ. Бірақ бұл өмірде мен өзіме қойған үлкен мақсаттарым болды. Мен соларды орындадым. Кезінде өнерде бәрін жасап, бәрін мойындаттым. 

Ал қазір кім не айтса да, не жасаса да менің өмірімді ешкім алып тастай алмайды. Менің жолымды ала алмайды. Өйткені, ол - тарих. Ол үшін мен өнерге алғаш қадам бастаған сәттен менің өмірімді жоқ қылу керек. Сонда ғана мен жоқ боламын. Басқаша мені ешкім жоғалта алмайды. Мен тарихқа енген адаммын. Ерен еңбекпен, қиындықтарды еңсере жетістікке жеткен адам әрқашан осылай астарлап сөйлейді", - деді ол.