Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандық 6,8 жылға түрмеге кесілді
Қарағанды облысының тұрғыны Алексей Шомполов 6,8 жылға сотталды
Тергеу материалдарының дерегінше, ол ресейлік «Вагнер» жеке әскери компаниясының құрамында болып, Украинамен соғысқа барған.
Осылайша, Қарағанды облысы Топар кентінің 34 жастағы тұрғыны Алексей Шомполов 6,8 жылға сотталды.
Айыпталушы сотта кінәсін мойындап, мұндай қадамға ақша қажет болған соң барғанын айтты.
«Вагнер» құрамында Украинамен соғысқаны үшін оған 240 мың рубль (1,2 млн теңге) төленген.