"Салафит болуға насихаттайтын": Блогер Аян Сейітхан бұрынғы әйелін 20 миллион теңгесін жымқырып кетті деп айыптады
- kyn.kz
- 29 қараша, 2023
- 14.4k
Кәсіпкер Аян Сейітханның сөзінше орамалымен көптің сеніміне кірген келіншегінің шын бейнесі басқа, деп хабарлайды KYN.KZ.
Блогер Үміт Мұхитова мен кәсіпкер Аян Сейітхан 2022 жылдың 5 қарашасында дүбірлетіп той өткізген болатын. Дегенмен екеуінің отбасылық қуанышы ұзаққа созыла қоймады. Жұбайлардың ажырасқанын желі қолданушылары сезіп, артынша екеуі мұны растады.
Блогер Үміт Мұхитованың айтуынша, шаңырағының шайқалуына күйеуінің желіде басқа қыздармен сөйлесуі және мәһір мәселесі себеп болған.
"Еркек жазды, сөйлесті. Кінә еркектен. Анық сенімді емеспін. Дәлел жоқ қолымда. Бірақ басқа қыздармен хат алмасқанын көзіммен көргенмін. Мәһір деген еркектің міндеті. Бұл жерде 20 миллионды ұрлап кетті деп қалай арыз жазып тұрғанын түсінбедім", - деді блогер.
Ал Аянның сөзінше алмаған сыйын сылтауратып, келіншегі оны тонап кеткен. Ажырасудың астарында мүлде басқа жәйттер жатыр деген ол, көп уақыт жұрттың сынына ілігіп, хейттен бас көтере алмай қалған. Тіпті өсек пен келіннің кінәлауларын көтере алмай қыркүйек айында әкем бақилық болды дейді.
"Үйден кетерінде 20 миллион теңге ұрлап кетті. Ол 20 миллион толыққанды менікі емес еді. Өте иманды байғұс, бишара қызды мен екіқабат қылып тастап кетіп, ақша да бермей, қиянат жасаған сияқты көрсетіп қойды. Умка "құрбан", мен "абьюзер" сияқты болып қалдым. Хейт жазғанда өшіріп, бұғаттап тастадым. Хейт маған ғана емес, әкеме де келді. Менің әкем өмірбақи қой баққан. Өзінің қойшы ауылы, 500-дің үстінде қойы бар. Қыс бойы оны көбейтеді, жаз бойы егінмен айналысады. Бұл ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан кәсіп. Әкемді жан жаққа алып шыққым келді, бірақ ол 100 пайыз жұмысын біреуге сеніп тапсырмайтын. Былтыр УМРА-ға апарғым келді, бірақ сәті түспеді. Сосын биыл жаңа жылда УМРА-ға бару керек болғанбыз. Бірақ оған жете алмадық", - деді Аян.