Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты
Оқиға 30 қараша күні сағат 5:33-те Әди Шәріпов көшесінде орын алды
Ақпаратты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті растады, деп хабарлайды KYN.KZ.
30 қараша күні сағат 5:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі бірінші қабаты мен жертөлесі жатақханаға айналған үш қабатты тұрғын үйдің өртенгені туралы ТЖД-не хабар түскен. Үйдің жалпы ауданы – 30 м².
Өрт 6 сағат 22 минутта сөндірілді. Қазір қайтыс болған 13 адамның жеке басы анықталып жатыр. Болжам бойынша, олар көмірқышқыл газына уланып қалған. БАҚ-тың жазуынша, хостелде жалпы саны 72 адам болған. Қазір екі адам уланып, ауруханаға жеткізілді.
Өрттің неден болғаны анықталып жатыр.