Танымал блогер Айжан Байзақова екінші рет ана атанды
Ол перзентханадан видео жүктеп, оқырмандарынан сүйінші сұрады
Айжан Байзақова Нұрбек есімді жігітке екінші рет тұрмысқа шыққан болатын,деп хабарлайды KYN.KZ.
- Алдымен түкіріп қойыңыздар! Нұрбек тұңғыш рет әке атанып жатыр. Екінші ұлды дүниеге әкеліп жатырмын. Дәрігерлер мен акушеркалардың арқасында бәрі ойдағыдай өтті. Құттықтаулар қабылданады, – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары жаппай сәбиге ақ жарма тілектерін жаудырып жатыр.
Видеодан байқағанымыз, блогердің күйеуі босану процесіне қатысып, сәбиді қолына алған.