Басты жаңалықтар

13 адам өртеніп қайтыс болған хостелге Алматы әкімі Досаев келді

Алматыда 30 қараша күні таңертең Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шығып, ішінде жалдап тұрғандар иіс, өрт тиіп мерт болды

Әкімдіктің баспасөз қызметі хостел Алматыдағы жоғары оқу орындарымен студенттерді орналастыру бойынша меморандум жасамағанын хабарлады.

Алматыда хостелдегі өрттен қаза тапқандардың арасында бір ресейлік – Саха Республикасының азаматы мен бір Өзбекстан азаматы бар, қалғанының барлығы қазақстандық, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Әкімдіктің баспасөз қызметі сондай-ақ хостел Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттерін орналастыру бойынша меморандум жасамағанын хабарлады.

"Студенттерден бұл жатақханада тұруға өтініш түспеген, студенттерді бұл хостелге орналастыру жұмысы ұйымдастырылмаған", - деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.

 

Алматыда 30 қараша күні таңертең Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шығып, 13 адамның мәйіті табылды. Тағы бірнешеуі ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша оларға иіс тиген.