Айына 25 мың теңге: Алматыдағы жатақхананың өртке дейінгі кейіпі
Өртке оранған жатақхана Almaty Hotel деп аталады
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Әди Шәріпов көшесіндегі жатақханада өрт салдарынан 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ.
Жатақхана Almaty Hotel деп аталады. 2GIS-тегі фотосуреттерге қарағанда, терезелері жоқ бөлмелерде екі қабатты кереуеттер қатар тұрды. Қосымшада төсек-орынды жалға алу айына 25 мың теңге тұратыны көрсетілген.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 13 адамның өмірін жалмап өткен хостелге келді. Ол өрт кезінде қайтыс болған азаматтар жайлы ақпаратпен бөлісті.
«Олардың көпшілігі Қазақстан азаматтары, табылған азаматтардың бірі Өзбекстан азаматы, бірі - Саха Республикасының азаматы (Ресей құрамына кіреді), қалғандары - қазақстандықтар», - деп хабарлады Досаев.
Өрттен кейін республикалық комиссия құрылды.