Алматыдағы өрт: Хостел ғимараты Халық банкке тиесілі
Хостел бір жарым ай бұрын ашылған, Халық банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген
Әкімдік мәліметінше, студенттердің хостелде тұруына өтініш түскен жоқ, оларды хостелге орналастыру жұмысы жүргізілмеді, деп хабарлайды KYN.KZ.
«30 м2 аумақ өртке оранды. Хостел бір жарым ай бұрын ашылған, ғимарат Халық банкке тиесілі, банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген. Бұл хостел Алматы қаласы жоғары оқу орындарымен студенттердің тұруы үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған жоқ», – деп хабарлады әкімдікте.
Еске салайық, 30 қарашада шамамен таңғы сағат 5.33-те Әди Шәріпов көшесі, 86 мекенжайындағы «Almaty Hostel» хостелінің жертөлесінен өрт шықты. 13 адам көз жұмды. Тағы 59 адам эвакуацияланды.