Қоғам

«Менің тірегім еді»: Ұлы хостелдегі өрттен қаза тапқан ана сұхбат берді

Анасының сөзінше, ұлы бір ай бұрын хостелге көшіп, бөлек тұруды шешкен

Әсем Садықоваға колледжден хабарласып, 22 жастағы ұлы Сунат Сыдықовтың қаза болғандардың тізімінде екенін айтқан, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Балам 2001 жылғы еді. Мұнда (хостелде) 1 ай ғана тұрды. Маған «мама, 25 мың теңге төлеп, досыммен бірге тұрамын» деп айтқан. Кішкентайынан шығармашылық жан еді. Киім тігуді, тоқуды ұнататын. Бірақ белгілі бір себептерге байланысты оқуын бітірмеген. Негізінен оқуды 2 жыл бұрын бітірген. Менің тірегім еді, үнемі маған көмектесетін. 

Бір ғимаратта жұмыс істейтінбіз. Тағы одан бір жас кіші балам бар, сол екеуміз жаңа адамның жеке басын анықтауға кірдік. Таныдық, сол», – деді марқұмның анасы.