Қоғам

"Адам көп, шығу үшін кезек түзілді": Куәгерлер Алматыдағы хостелде неге көп адам өлгенін айтты

Куәгерлердің сөзінше, бөлмелердің бірінде матрас өртенуі мүмкін

Қазір хостел тұрғындары уақытша мектептер мен өзге хостелдерге орналастырылды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Оқиға орнында куәгерлер өрт туралы және неліктен көп адам ажал құшқаны жайлы айтып берді. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті медицина факультетінің студенті Ахмед Файиз Ахмед Әл-Гобэйдің сөзінше, бөлмелердің бірінде матрас өртенуі мүмкін. 

“Таңғы 05:00 шамасында шу басталып кетті. Кейбірі жертөледе матрас өртенуі мүмкін дейді. Нақты қайда екенін білмеймін. Құжаттарды ала салып, далаға шықтық. Біздің бөлме жоғарғы қабатта еді, түтін басқанда сыртқа шыға алдық. Бірақ шеткі бөлмеде тұратындар ішінде адасып кетті. Кейбірі терезені ашып, сол арқылы шықты”,– дейді шетелдік студент.