Қостанайда құрылыс алаңында кран құлап, жұмысшы қаза тапты
Полиция департаментінің хабарлауынша салонда 49 жастағы кран машинисі болған
Оқиға салдарынан өрші үй тұрғынының көлігі де зақымданған,деп хабарлайды KYN.KZ.
«30 қараша күні сағат 12:50-де Шаяхметов көшесінде салынып жатқан нысанда кран құлады. Салонда 49 жастағы кран машинисі болған, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полиция департаменті.
ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігі «Адам өліміне әкеп соққан тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Кранның құлау себебі анықталуда. “Наша газетаның” хабарлауынша, көрші үй тұрғынының көлігі зақымданған.