Басты жаңалықтар

Жүзуді үйренгісі келген бала суға батып кетті

Студент өзінің батыл екендігін көрсету үшін суға секірген

Пәкістандық студент судан қорықпайтындығын тексеріп көрі үшін, ағынды суға секіріп, батып кетті деп KYN.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 19 жастағы Шераз Хан Сват өзенінде ағасымен бірге демалады. Демалыс кезінде ағасы Шеразды суға жақындатпайды, бірақ ол өзінің батыл екенін дәлелдеу үшін ағып жатқан өзенге секірген. Ағасы Ясин: "Ол өзенге кетерден бұрын менен өзін видеоға түсіруін сұраған болатын", - дейді. Ол биік жарға барып тұрып, аяғы тайып кетеді. Ал ағынды сөз оны тез арада алып кетеді. Ясин баланың көмек сұрап айқайлаған дауысын естіп, өзенге қарай жүгіріп барады. Бірақ ағысы қатты өзен оны алып кетеді. Баланың өлі денесі 50 км жерден табылды.