Қоғам

«Қазақтардың үлесі 35% ғана»: СҚО әкімін мәселе алаңдатып отыр

Әкім қазіргі уақытта өңірді қазақ мектептері мен балабақшалары ақырындап көбейіп келе жатқанын айтты

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі «Теріскейге көш» ұранын көтеріп жүрген Бурахан Дақановты қабылдауға уәде берді, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Алаңдатады. Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олар қандай? Қазақ мектептерді, қазақ тілді үйірмелерді ашып, сыныптарды, балабақшаларды ашып жатырмыз. Қазақ тіліндегі әлеуметтік нысандарды ашып жатырмыз. Мемлекеттік жоспарларды қойып, ақырындап облыста жүргізіліп жатыр», - деді әкім.

Белсенді Бурахан Дақановты қабылдау мәселесін әкімге қойған сұрағында журналист Серік Жолдасбай көтерген. Ол Солтүстік Қазақстанда қазақ ұлтының саны 35 пайыз екені әкімді алаңдата ма деп сұрады. Әкім қазіргі уақытта өңірді қазақ мектептері мен балабақшалары ақырындап көбейіп келе жатқанын айтты. Бурахан Дақановты қабылдауға уәде берді. 

«Осы аптада міндетті түрде сол кісіні қабылдаймын», - деді әкім.