Павлодар облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалған
Оқушының жүктілігіне мектеп директоры, орынбасары және сынып жетекшісі қатаң сөгіс алды
Павлодардағы 8-сынып оқушысының жүкті болғанына 25 апта өткен, деп хабарлайды KYN.KZ.
Оның жүкті екенін сынып жетекшісі байқаған.
"Қыз мектепке қыркүйекте келді, кейін қазан бойы ауырды. Қарашада сабаққа келгенде сынып жетекшісі өзгерістерді байқай бастады. Бірақ баламен мұндай жағдай болуы мүмкін деп ешкім ойлаған жоқ. Мұғалім мұқият бақылаған, қыздың іші шығып кеткенін көргенде, дереу анасын шақырып, ауруханаға барып, баланың жүкті екенін анықтады", – деп хабарлады Павлодар аудандық білім бөлімі өкілдері.
Оқиға туралы мұғалімдер полиция мен прокуратураға хабарлаған. Білім бөлімі мәліметінше, берекелі отбасы болған, қызды өгей әкесі тәрбиелеген.
"Ауруханада қызды сұрағанда өгей әкесін көрсетті. Сол күні ер адам ұсталды. Қазір мектеп директорына, орынбасарына және сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын нашар жүргізгені үшін қатаң сөгіс жарияланды", – деп хабарлады білім басқармасы өкілдері.
Полиция күдіктінің ұсталғанын растады.