Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қарттар мен балалар көшеге шықпағаны жөн": Жеңіс Қасымбек елордарлықтарға үндеу жасады

"Қарттар мен балалар көшеге шықпағаны жөн": Жеңіс Қасымбек елордарлықтарға үндеу жасады
Inbusiness
Әкімнің айтуынша, түнгі уақытта жауған жаңбырдың салдарынан Астана жолдары көктайғақ

Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасын себуде, деп хабарлайды KYN.KZ. 

"Оқыс жағдайға ұшырап, жарақат алмас үшін қарттар мен балалар көшеге шықпағаны жөн. Ал көлік иелері өте мұқият болуы және қашықтықты сақтауы қажет. Травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді", - деп ескертті Астана әкімі. Жеңіс Қысымбек аудан әкімдіктеріне және МИБ/ПИК-ке аулалар мен қоғамдық орындарға инертті материал шашу тапсырылғанын атап өтті.
 

Айта кетейік, бұған дейін елордалық полицейлер 5 желтоқсанға қараған түні Астанада 63 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін хабарлаған еді.
 

Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада мектеп оқушылары бүгін қашықтан оқитын болады.

Ұқсас жаңалықтар