Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Оның түбіне жеткен – қазақтың көреалмаушылығы”:Қалдыбек Құрманәлі Әли Оқапов туралы ойын айтты

“Оның түбіне жеткен – қазақтың көреалмаушылығы”:Қалдыбек Құрманәлі Әли Оқапов туралы ойын айтты
Отандық танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі Әли Оқапов жайлы не ойлайтынын жеткізді

Сазгер Қалдыбек Құрманәлі әнші Әли Оқаповқа қатысты даулы жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Сазгер Роза Рымбаеваның ұлы "Құрмет" орденінен гөрі "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына лайық деп есептейді. Алайда ол Оқаповтың бір кемшілігі бар екенін жеткізді. 

“Енді Роза Рымбаеваның баласы туралы айтайын. Ол таза кәсіби музыкант. Жастар арасында беделі күшті жігіт. "Құрмет" орденінен гөрі "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріне" лайық адам. Туғанынан бастап, музыкамен ғана айналысып келе жатыр. Қай жерде музыкалық білім бар, бәрін оқып тауысқан адам. Өнердің майын ішкен. Бір ғана кемшілігі – Тасқын Оқапов пен Роза Рымбаеваның баласы. Атақты адам болу қиын емес. Атақты адамның баласы болу – ең қиыны. Роза Рымбаева "Халық әртісі" атағын 29 жасында алған. Ал баласы қазір 31 жаста. Өнер адамы ретінде айтарым, Әли – кәсіби музыкант. Оған "Құрмет" ордені керек жоқ еді. Билік ұсынды, ол бас тартқан жоқ. Оның түбіне жеткен – қазақтың көреалмаушылығы. Мен Әлиді талантты әрі кәсіби музыкант ретінде мойындаймын", – деді композитор "Сұрауы бар" бағдарламасында.

Ұқсас жаңалықтар