Қоғам

"Зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсымыз": министрлер ресейлік "Слово пацана" сериалына қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту министрі де фильмді көрмегенін айтты


 

 

“Слово пацана” сериалына қатысты министрлер өз ойларын ашық білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Біз бұл мәселені зерттеп жатырмыз, уақытынан бұрын қорытынды жасағымыз келмейді. Оған оқу-ағарту министрлігіндегі әріптестеріміз де қосылды, бірақ әзірге біз үлкен толқуды көрген жоқпыз. Мен сериалды көрмедім», - деді Саясат Нұрбек.

«Оқу-ағарту министрлігі және жеке өзім зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсымыз. Сондықтан, әрине, нөлдік төзімділік принципі болуы керек. Өздеріңіз білесіздер, тіпті сериалды шығарушы ел де бұл мәселені қайта қарастырған. Әрине, мектепте зорлық-зомбылық болмауы керек, мұндай туындылар елімізде көрсетілмеуі керек. Бұл сарапшылардың зерттеуі мен пікірін қажет етеді. Мен өзім сериалды көрген жоқпын», – деп қосты ол.