Қазақстан ресейлік "Слово пацана. Кровь на асфальте" фильмінің көрсетілімін бұғаттау мәселесін зерделеп жатыр
Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін баспасөз конференциясын өткізген екі министр хабарлады
Ресейлік "Слово пацана. Кровь на асфальте" фильмінің көрсетілімін бұғаттау мәселесі көтерілуде, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Өздеріңіз білесіздер, шынында да аталған телехикая айналасында өте көп ақпарат таралуда. Ресейдің өзінде де бірнеше ресми мәлімдеме жасалды. Біз бүгінде бұл мәселені зерделеп жатырмыз. Қандай да бір алдын ала байламдар жасағымыз келмейді. Біздің министрлік бірнеше сарапшыны жұмылдырды. Ақпарат министрлігінің мамандары да қосылды. Мәселе зерттеліп жатыр. Қажет деп табылса, қандай да бір шешімдер қабылдануы мүмкін", – деді Саясат Нұрбек.
"Оқу-ағарту министрлігі де, менің жеке өзім де кез келген зорлық-зомбылыққа қарсымыз. Қылмысқа мүлдем төзімділік танытпауға тиіспіз. Сөз болып отырған мәселеге келсем, белгілі бір зерделеу жүргізілуде. Білуімше, тіпті өндіруші ел де оған тыйым салу мәселесін қарастыруда", – деді Ғани Бейсембаев.