Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке қол қойды
Ұлттық қордан республикалық бюджетке жыл сайын 2 триллион теңге аударылады
Жас бойынша зейнетақы төлемі мен еңбек сіңірген жылдары берілетін зейнетақы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға ұлғаяды, деп хабарлайды KYN.KZ.
Енді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
ең төменгі жалақы – 85 мың теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 мың теңге;
ең төменгі зейнетақы – 57 мың теңге;
айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін өмір сүру минимумы – 43 мың.