Басты жаңалықтар

Қытайда теңіз суы бір күнде боялғандай қызыл түске айналып кеткен

Олар суды тазарту үшін үш жерден фильтр орнатқан, бірақ еш нәтиже болмады

Қытайда бір теңіз толығымен қызыл түске боялды деп хабарлайды KYN.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ибинь қаласында ағатын өзен толығымен қызыл түске боянып тұрғындарды шошытты. Өзеннің өзгерісінен қорыққан халық қызыл суды желіде тарата бастады. Билік басындағылар судың қызылға боялуы жақын жерде орналасқан қорап шығаратын зауыттың қалдықтары деп түсіндірді. Олардың айтуларынша қызыл түстің құрамында адам өміріне қауіп төндіретін ештене жоқ. Дегенмен де зауыт айыппұл төлеуге тиісті. Жергілікті экологтар суды тазарту үшін үш фильтр орнатты. Олар судың одан әрі ластануын тоқтатты. Бұл өзен қытайлықтардың бағалы орындарының бірі, мұнда ерекше балықтар мен су жануарлары өмір сүреді.