Қоғам

Bek Air: ескіру мерзімінің өтуіне байланысты іс жабылуы мүмкін

12 адам мерт болған апат Бас прокуратураның бақылауында болған

Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағы апатына қатысты істің тергеліп жатқанына 4 жылдан асты, деп хабарлайды KYN.KZ.

Ал 2022 жылдың ақпанында іс ІІМ Көлік департаментіне өтті. Енді тіпті жабылып қалуы мүмкін.

«Қылмыстық кодекстің 71-бабы 1-бөлігі 3-тармағына сәйкес (Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) қылмыстық құқық бұзушылықтардың ескіру мерзімі – 5 жыл», - делінген ПД-ның Tengrinews-ке берген жауабында.

2019 жыл 27 желтоқсанда Bek Air ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады. Бортта 93 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. Апатта 12 адам қаза тапты. Ұшақ әуежай қоршауын бұзып өтіп, қоршаудан 9-10 метр қашықтықта орналасқан екі қабатты үймен соқтығысқан. Бұған қатысты Талғар өңірінің шенеуніктері ғана сотталды. Ал жарамсыз ұшақтарға лицензия берген Азаматтық авиация комитетінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалмаған.