«Ыдыс-аяқтарды жуып қоямын». Нұрлан Қоянбаев әйеліне көмектесетінін айтты
Белгілі әзілкеш Нұрлан Қоянбаев әйелінің үй шаруасына көмектесетінін жасырмады
Әзілкеш Нұрлан Қоянбаев үйдің бюджеті әйелдің қолында болу керек дейді, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Шаңсорғышты қолданбаймын. Үйде кішкентай бала бар, оянып кетеді. Кір жумаймын. Кейде түнде келген кезде ас үйдің есігін жауып қойып, ыдыс-аяқтарды жуамын», – дейді Нұрлан Қоянбаев.
«Жарайсыз, керемет жан екенсіз!», «Сауатты еркектер осылай талқылайды», «Нұрлан ағаны адам ретін сыйлап, жақсы көруші едім. Мынадан кейін тіпті құрметім артты», «Әйелі өзіне ұқсайды, жылы жүзді әйел, ұнайды. Бақытты болсын!», «Жарайсың, Нұрлан! Керемет ер-азамат!..», «Не деген керемет жауап!», «Нұрлан өте қу жігіт қой, өлетін жерін біледі» деген пікірлер бар.