Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

АрселорМитталдың шоттары бұғатталды – кеншілердің барлық жарнасы тоқтатылды

АрселорМитталдың шоттары бұғатталды – кеншілердің барлық жарнасы тоқтатылды
Tengrinews
Шоттар бұғатталғаннан кейін кеншілердің медициналық сақтандыру мен зейнетақы жарналары түспей қалды

Порталдың редакциясына Костенко шахтасындағы апатта аман қалған 28 кенші арызданды, деп хабарлайды KYN.KZ.
 

Барлығы ауруханадан шықты. Қазіргі кезде үйде емделіп жүр. Бірақ медициналық қызметтен қағылуы мүмкін. Себебі медициналық сақтандыру жарналары түспей қалды. Соңғы айдың төлемі аударылмады. Сөйтсе, "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінің бәрі ондай проблема тап болды. Себебі компанияның шоттары бұғатталды.

Медициналық сақтандыру қорының облыстық филилы бір айлық жарнаның түспей қалғанын растады. Ал "Медициналық сақтандыру туралы" заңға сәйкес, медициналық көмек алу үшін соңғы 12 айдың жарнасы аударылуы тиіс.

Сондай-ақ, кеншілердің зейнетақы жарналары да түспей қалған.

Айта кетері, қазіргі кезде Костенко шахтасындағы апатқа байланысты Қылмыстық кодекстің 277-бабы, 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша тергеу жүріп жатыр. Бас прокуратура оны бақылауда ұстап отыр. Қадағалау органының басшысы Берік Асылов депутаттарға жіберген жауабында "АрселорМиттал Теміртаудың" тәріпке неге себепті бағынбағанын айтты. 

Ұқсас жаңалықтар