Қызылшадан 6 айлық нәресте көз жұмды
Аурудың бұл түрі Өскемен қаласында осы аптада өршіді
Соңғы үш тәулікте Өскеменде 92 адам қызылша жұқтырған, деп хабарлайды KYN.KZ.
Оның 90 пайызы вирусқа қарсы екпе алмағандар.
Елде 20 мыңнан астам адам қызылша жұқтырды, деп жазады qazaqstan.tv.
Жалпы елімізде жыл басынан бері 20 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының өкілдері осындай мәлімет таратты.
Медицина мамандарының айтуынша, эпид ахуал өте күрделі. Санитарлық дәрігерлер күн сайын елде вирус жұқтырудың 350 жағдайын тіркейді.Көбіне қызылша 14 жасқа дейінгі балаларға үйір келетін көрінеді. Қызылша Қырғыз елін де діңкелетіп тұр.
Онда вирустың екінші толқыны басталды. Індеттің таралуы Бішкек, Жалал-Абад және Шу облыстарында жиілеген.
Жыл басынан бері бұл елде қызылша жұқтырудың 5 мыңнан астам дерегі тіркелген.