“Жылауға сәл қалды”: Жақында сәби сүйген Фариза Төреәлі қуанышты жаңалыққа ағасы Төреғалидің реакциясын көрсетті
Бұл туралы блогер Фариза әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады
Желі қолданушылары жантебірентер көрініске жылы лебізін жазды, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Ағасы жылауға сәл қалды", "Әрине, көп күткен сәбиді жасырған дұрыс, тіл көз бар дегендей. Көп блогерлер ішін көрсетіп салатын контентке адамдар үйреніп қалған ғой. Бауы берік болсын. Алла тағал екі дүние бақытын нәсіп етсін", "Ағаңыз дұғада болған-ау, шок болып қалды ғой, дұғам қабыл болды-ау Алла дегендей", "Жыламай көру мүмкін емес", "Қуаныштын көз жасы болсын әрқашан, ана болу бақытын тілегенге тілеймін", - дейді олар.
Фариза қуанышты жаңалығы жайлы оқырмандарына жазба да қалдырды.
"Ағам мен жеңгемнің және Динок пен Кәусарымның реакциялары. Нағашы болуды армандайтын және көп дұға ететін. Жақындарымның және халықтың дұғасы қабыл болды. Үміт үзбеу керек ерекше мейірімді, шексіз рахымды Раббымыздан. Алла біздің қол жайып, одан көп сұрағанымызды жақсы көреді. Алла бізге мұқтаж емес, оған біз мұқтажбыз. Аяқ-киімнің бауына дейін сұраңдар деген хадистерде, сондықтан дұға атты қаруды қолданайық, мұсылмандар. Қолын жайып сұраған пендесінің қолын қайтаруға ұялады екен Алла... көп сұрайық, көп дұға етейік және үміт үзбейік", - деп жазды Фариза Төреәлі.