Мәдениет

Актриса Жәния Джуринская туған күніндегі образымен жұрт сынына қалды

Актрисаның күйеуі Данияр Хизметов қымбат білезік сыйлап, жүрекжарды тілегін жеткізді

Актриса ерекше ашық-шашық образда фото жүктеп туған күнге тілек тыңдайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

“Менің өмірімде болғаныңа рақмет! Мен сенімен ғана отбасы құрғаныма бақыттымын! Өзіңмен жақсы қарым-қатынастамын. Біздің махаббатымыз көп адамға үлгі. Ең бастысы екеуіміз бақыттымыз және бір-бірімізді жақсы көреміз. Біздің бағытымыз бен жолымыз айқын. Дені сау балаларымыз бар”, – деп жазды блогер. 

Оқырмандары тілектен бұрын жағымсыз пікір жаудырды. 

“Қайын ата мен енеңнен ұялу деген жоқ”, “Киген киімің екеудің арасындағы құпияны жария еткенмен бірдей”, “Бұл тәрбие көрмегендіктің белгісі”, “Көшедегі қыздардың қылығы сияқты”, “Әке-шешесі қай беттерін ұстарын білмей отыр”, “Масқара, не пәле мынау” деген негатив пікір көп. 

Бірақ актрисаның әріптестері Ерке Есмахан бастаған бір топ өнер өкілдері туған күн иесіне ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.