Жынысын ауыстырған дігіттерге сұлулық сайыстарына қатысуға мүмкіндік берілді
26 жастағы Понсе жақында 22 қызды басып озып "Мисс Испания - 2018" атанды. Енді ол Филиппиныда өтетін "Әлем аруы" байқауына дайындалып жатыр деп KYN.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ол өзінің желідегі парақшасында "Жынысын ауыстырған адамдарға көзқарас тек Испанияда емес, бүкіл әлемде бірдей болу керек", - деп жазды.
Жынысын ауыстырған қыздарға "Әлем аруы" байқауына қатысуға алты жыл бұрын рұқсат етілген болатын. 2012 жылы байқаудың ұйымдастырушылары бұрынғы жігіттерге сайыста бақ сынауға мүмкіндік берді. Бірінші қатысушы Дженна Талава болған. 2012 жылы ол Канада елінің атынан қатысып, финалға шыға алмай қалған болатын.