Қазақстан 2024 жылы бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді
Еліміздің бүкіл аумағы 5-сағаттық белдеуде орналасады
ҚР Сауда жəне интеграция министрлігі "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды KYN.KZ.
Құжатқа сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырады.