Қоғам

Үстеу, түрлері, емлесі, сөйлемдегі қызметі

Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді

Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейдіҮстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделіүстеулер. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады.

Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы, ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.

Туынды үстеулер екі түрлі жолменжасалады: 1) жұрнақ арқылы; 2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.

1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;

-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандай, т.б.

-дайын, -дейін, -тайын, -тейінбұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т.б.

-шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.

-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше: оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т.б.

2. Кейбір үстеулер түбірге септік жалғауының сіңісіп, көнеленуінен жасалады:

Барыс септіктің көнеленуінен: бекерге (жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті),босқа (отырма), текке (күлме), т.б.

Жатыс септіктің көнеленуінен: өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды), қапыда (қалды), т.б.

Шығыс септіктің көнеленуінен: төтесінен(айтты), шалқасынан (құлады), т.б.

Көмектес септіктің көнеленуінен:кезекпен (сөйлеу), ретімен (айтты).

Күрделі үстеу сөздердің бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан жасаладыСөздердің бірігуінен жасалған күрделіүстеулер: қыстыгүні (қыстың+күні), ендігәрі (енді+гіден әрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), бүйтіп (бұлай етіп), бүгін (бұл+күн), былтыр (бұдан+арғы+жыл), т.б.