Басты жаңалықтар
Елімізге танымал тұлғалар басы дауға қалған Мейрамбек Бесбаевты жақтап шықты
- автор kyn.kz
- 5 шілде, 2018
- 1.0k
Олар елден өз ұлымыздың жағасынан тартуды доғаруын сұрады
Осыдан біраз уақыт бұрын магистрант атанып, басы дауға қалған Мейрамбек Бесбаевты елімізге танымал тұлғалар жақтап шықты деп хабарлайды NUR.KZ. порталына сілтеме жасаған KYN.KZ Әншіні айыптағандарға алаштанушы Заңғар Кәкім мен ақын, Жазушылар одағының мүшесі Ақберен Елгезек жауап қайтарды. Олар Мейрамбекті жақсы танитынын, сыйлы азамат екенін алға тартты.
"Несі бар, жанына жақын тақырып. Бала кезінен жақсы білетін, жақсы танитын дүниені жазу керек қой, жазған соң. Ғылымға пайда әкелмейді деп ойлайсыз ба? Қателесесіз. Қазіргі қазақ қоғамы Қоразбаевтануға мұқтаж ғой. Анау тану, мынау тануларға қарағанда. "Бұлақ көрсең, көзін аш" дегендей, өнер жолына, үлкен өнерге қаршадай Мейрамбекті әкелгеніне не тұрады". Ауыл сахнасының озық әншісі "қалайша "Қазақстанның халық әртісі" атануының сыры кімге керек болмасын?! Мысалы, маған қызық. Қалай жоғары атақ алуға болады? Жетудің қандай жолдары бар? Нені үйреніп, нені меңгеру керек дегендей. Бұл диплом жұмысы эстрада саласына қосылғалы тұрған "үлкен еңбек" емес пе? Ал сіздер бағалай алмай жатырсыздар!
Ешбір сабаққа қатыспаса да дипломын өзі жазып шыққан. Қайта уақыт тауып, дипломды өзі жазып шыққанына рақмет айтуымыз керек.Абай атамыз айтқандай "көгалды қуып гөлайттап, қызықпен жүріп жазды алса" не болар еді? Сондай-ақ оны өзі ашық түрде қорғаған екен", - деп алаштанушы Facebookпарақшасы арқылы Бесбаевты жақтап, әлекке түсті.
Сондай-ақ Ақберен Елгезек те елге тоқтау айтты.
"Мейрамбек өзін ешқашан әншімін деген емес. Биік өнерді түйсігімен терең таныған соң, ол өзің музыкантпын деп есептейді. Ол оның берік позициясы. Бұл - бір. Ал, эстрада майданында қазақ әніне тәуелсіздік алып берген бірден бір музыкант болса, ол тағы да - Мейрамбек. "Музарт" тобы құрылып, ел бұларды жаппай тыңдай бастаған кезден бастап, жұрт Ресейден келетін әншілердің концерттеріне баруды доғарды. Соның бастауында кім тұрды? Мейрамбек! Халықты ескі-жаңа термелермен сусындатқан кім? Мейрамбек! Қазір жас әншілерге аға боп, бас-көз боп жүрген де осы маңдайы жарқыраған нағыз қазақ. Бала кезден "бозторғайша" шырылдап, қазақ өнерін аспандатқан оғланыңа бір жапырақ дипломыңды қимадың ба, ағайын? Сол дипломды қалтасына салған қай өнерлің Мейрамбектей қазаққа еңбек етті? Өз туғанымызды аяқтан тартып, ырду-дырду боламыз да жатамыз, әйтеуір. Қойсаңдаршы болды, сырт көзден ұят емес пе", - деді ақын Facebookпарақшасында.
Келесі мақала