Қоғам

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері аталды

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 328 мың адам

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 838 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 950 теңге, базалық зейнетақы – 37 888 теңге, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 33,7 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 930,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 103,1 миллиард теңге қарастырылды.