Қоғам
«Қазақстан қауіпті жұмыс жағдайындағы өндірістік жарақаттану бойынша 57 орында»
- kyn.kz
- 13 желтоқсан, 2023
- 668
Қауіпті жұмыс орындары бойынша Қарағанды облысы алда келеді
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы 1 миллион 600 мың жұмысшының 491 мыңы зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істеген, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Қазақстан 100 мың жұмысшыға шаққандағы өліммен аяқталмаған көрсеткіш бойынша 83 елдің ішінде 15-ші орында, өндірістік жарақаттану бойынша 57-ші орында», - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.
Көрсеткіштер бойынша Қарағанды облысы алда келеді. Мұнда 86,5 мың адам қауіпті жағдайда жұмыс істеп жүр. Одан кейін – Павлодар облысы (64,5 мың адам), үшінші орында 58,2 мың адаммен Маңғыстау облысы тұр.