Қоғам

Қазақстанда 14 желтоқсан күні ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес, республикамыздың басым бөлігінде аяз болады

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді, негізінен жауын-шашынсыз, аяз болады, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұрқасын соғады. Атыраудың оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облыстарының шығысында шаңды дауыл тұрады, оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі", – дейді синоптиктер.

Түнде солтүстікте, Алматы және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында  -33-38°С аяз болады, орталықта, Жетісу облысының таулы аймақтарында аяз
 -31-36°С шамасында болады.