Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қай өңірлердің жылу орталықтары әбден тозған?

Қай өңірлердің жылу орталықтары әбден тозған?
Atameken.business
Жылу орталықтарының мәселесі күн тәртібінен түспей тұр

Өткен жылы елдің энергетикалық жүйесі үлкен сынақты бастан кешірді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Риддер, Екібастұз жылу электр орталықтарындағы апаттар, бүрсең қағып отырған халық. Осы апаттардан кейін ел билігі энергетикалық жүйе мәселесін шешуге білек сыбана кірісті. Қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Десек те, салада қордаланған мәселелер жетерлік. Қазақстанда 37 ЖЭО бар, соның 22-сі жеке меншікте. Тағы 15-і мемлекет меншігіне кіреді. 28 стансаның жұмыс істегеніне жарты ғасырдан асқан. Ал 9 жылу орталығын пайдалану мерзімі 30 жылдан артық. Жабдықтары 80 пайызға тозып кеткен ЖЭО-лар Орал, Тараз, Кентау, Қызылорда, Степногорск қалаларында орналасқан. Қарағанды, Павлодар және Алматы жылу орталықтарындағы жағдай да мәз емес.

Ұқсас жаңалықтар