9-20-25: Соңғы бес жылда баспанасы мүлдем болмауы керек
Азаматтардың бағдарламаға қатысуына тек бір рет қана мүмкіндік туады
Жалпы жаңа ипотекалық бағдарламаға жыл сайын 150 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Шамамен 8 мың отбасы баспанамен қамтылады. Ипотека негізінен жастарға арналады.
Бұған дейін шарттары ұқсас болған "7-20-25-те" отандастарымыз үйді сатып алып, кейін нарықтағы баспана бағасының құбылуына байланысты қымбат бағаға сатып жіберетін. Басындағы несие қамытынан құтылған соң, бағдарламаға тағы қатыса алатын. Енді бұл мүмкіндік үзілді-кесілді жойылады.
" Бағдарлама өз қаражаты және нарықтан қаржы тарту көздері арқылы шешіледі. Бұл жерде ҚР кез келген азаматы қатысуға мүмкіндігі бар. Соңғы бес жылда отбасы мүшелерінің атында үй болмауы басты шарт",-деді Жансұлтан Матай, «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры.