Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұржан Қалжан "Бұлбұл құс" әніне қатысты даудың немен аяқталғанын айтты

Нұржан Қалжан "Бұлбұл құс" әніне қатысты даудың немен аяқталғанын айтты
Globalnews.kz
Әнші осыдан біраз уақыт бұрын орындауындағы әнге қатысты басы дауға қалған еді

Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында даудың немен аяқталғанын айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Сұхбатта ""Бұлбұл құс" әніңізді Ninety one тобындағы Ace деген жігіт сұрапты. Әніңізді беріпсіз" деген әңгіме болды. Кез келген әңгімеде "Осы әнің ұнайды немесе осы өлеңіңді айтшы" деген дейді ғой. Мен де сол оймен, жауап бере салдым. "Бұлбұл құс" деген әнімді сұрады. Мен енді орындаушы ретінде рұқсатымды бердім. Ал автордан өздері сұрауы міндетті еді ғой. Сол айтқанымды шулатып жіберген ғой. "Менің "Бұлбұл құс" деген әнім" деп айтқан жерді видеода жылдамдатып, бірнеше рет қойған. Содан "Сенің әнің емес. Екіншіден, сен рұқсат беретін автор емессің. Сотқа береміз" деп шықты. Авторы продюсеріне құқық беріп қойған екен. Содан Қытайға авторына шықтық. Дауласып, сосын барып шешілді. Қол алысып, достастық", - деді Нұржан Қалжан. 

Ұқсас жаңалықтар