Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Анам басында келіншегімді ұнатпады": Құдайберген Бекіш әйелімен қалай танысқанын айтты

"Анам басында келіншегімді ұнатпады": Құдайберген Бекіш әйелімен қалай танысқанын айтты
Massaget
Бастапқыда әншінің анасы болашақ келінін тым арық деп ұната қоймаған екен

Қазақстандық танымал әнші Құдайберген Бекіш келіншегімен алғаш танысқан кезін еске алып, қарым-қатынасы қалай өрбігенін айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Биыл бірге болғанымызға 40 жыл болыпты. Өнермен бірге өмірді де бастаппыз. Ол кісіні көріп жүретінмін. Бір күні шелекпен су алып тұр екен, көмектесейін дедім. Шелекті жай көтеріп бардым. Бірақ үйіне жақындай бастағанда қолым дірілдей бастады. Содан танысып кеттік. Ол кісінің аты - Жанна. Содан достастық, маған әдемі шәй берді. Ол кезде қыздардың қолынан шәй ішу деген бақыт қой. Тіпті қыздардың қасына жолауға қорқатынбыз. Тәртіп қатал еді. Махаббат қоя ма?! Жәкеңе үйленіп алдым. Қалай айттым, солай үйлендік. Қазір шүкір бақыттымыз. Менің осылай жарқырап жүргенім әйелімнің арқасы. Келіншегімді анама апарып таныстырдым. Сол кезде анам Жаннаны ұнатпады. "Мына қыз тым арық қой, қалай бала туады?" дегені бар. Ана деген бәрібір баласының көңілін қалдырмайды ғой. Солай ақ батасын алып, үйленіп үлкен той жасадық", - деді әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында. 

Ұқсас жаңалықтар