Саясат

Путин бейбітшілік орнау үшін не керек екенін айтты

Путин: Менің мақсатым өзгермейді

Ресей президенті Владимир Путин алға қойған мақсаттарына қол жеткізгенде ғана бейбітшілік орнайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Путиннің айтуынша, бұл  – "Украинаны денацификациялау, демилитаризациялау және оның бейтарап мәртебесін" қамтитын мақсат.

Ресей президенті Владимир Путин 2023 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын және тікелей желі өткізіп жатыр.

Сонымен қатар ол мобилизациялаудың екінші толқынының қажеттілігі жоқ екенін айтты.

Путин сондай-ақ бірінші толқын кезінде әскерге жұмылдырылғандардың еңбегін жоғары бағалап, қазірдің өзінде олардың 14-і Ресей Батыры атанғанын айтты.

Қазіргі уақытта 244 мың адам қақтығыс аймағында болса, 41 мың адам шекті жасқа жетуіне, денсаулығына және басқа да себептерге байланысты зейнетке шыққан.