Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Аязды екі күн ішінде автожолдарда 5 мыңнан астам адам құтқарылды

Аязды екі күн ішінде автожолдарда 5 мыңнан астам адам құтқарылды
Qaz365.kz
Бірқатар облыста республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, біршама облыста республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Өткен тәуліктің өзінде жолдарда 4 510 адам, оның ішінде 225 бала құтқарылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, полиция, Қазавтожол, шекара жасағының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

"Бұдан басқа, Жамбыл облысына өзара іс-қимыл шеңберінде және Қырғыз Республикасына баратын 100-ге жуық автокөліктің жүріп-тұруына көмек көрсету үшін Қырғызстан ТЖМ күштері мен құралдары келді", - деп жазылған хабарламада.

Жамбыл облысының Жуалы және Қордай аудандарында 4096 адам, оның ішінде 181 бала, 39 шетел азаматы құтқарылды.

Ұқсас жаңалықтар