Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қоғам белсендісі Маруа Ескендірова 25 тәулікке қамауға алынды

Қоғам белсендісі Маруа Ескендірова 25 тәулікке қамауға алынды
Уральская нелеля
Ол әлеуметтік желілерде митингке шақырғаны үшін кінәлі деп танылды

Іс материалдарына сәйкес, ол 4 желтоқсанда митингке шақырған хабарлама жариялаған, деп хабарлайды KYN.KZ.

Бұл ретте, Маруа сотта аккаунтты екі жылдан бері пайдаланбағанын атап өтті, деп жазады "Азаттық радиосы".

Сондай-ақ, ол хаттамаға себеп болған хабарлама оның парақшасынан жарияланбағанын айтты. Авторы басқа қолданушы, Маруаны “белгілеп” қойған.

М.Ескендірова бұл адамды білмейтінін, ешқандай митингке шықпайтынын айтты.

Қорғаушы тарап істі қарауды тоқтатуды сұрады, өйткені хаттама бұзушылықтармен жасалған.

Алайда судья өз шешімін шығарды. Белсенді 25 тәулікке қамауға алынды.

Айта кетейік, бұған дейін Маруа Ескендірованы 25 қазанда қазақстандықтарды митингке шығуға шақырған әлеуметтік желілердегі әрекеті үшін 10 тәулікке қамауға алған болатын

Ұқсас жаңалықтар