"Тұңғышымызды алты жыл күттік": Құдайберген Бекіш алғаш үйленген кезін еске алды
Әншінің сөзінше, анасы келінін "тым арық, қалай бала туады" деп уайымдаған
Құдайберген Бекіш отбасылық өмірі жайлы сырын "Ұйқым келмейді" бағдарламасында шертті, деп хабарлайды KYZ.KZ.
Әншінің сөзінше, бастапқыда анасы келінін "тым арық, қалай бала туады" деп уайымдаған. Дегенмен баласының бағын байламай, жастарға ақ батасын берген. Алайда ерлі-зайыпты отбасын құрған соң, біраз уақыт балалы бола алмай жүрген. Олар тұңғышын алты жыл күткен.
"Алты жыл бойы бөпеміз болмады. Бір жағдайлар болды. Тәуекел деп Мәскеуге оқуға түсіп кеттім. Мен сол жақта білім алдыим, бір жағынан келіншегімді емдеттік. Өзіміз де емделдік, сондан кейін Мәскеуде бөпеміз пайда болды. Аллаға шүкір. Тұңғышымызды алты жыл күттік. Алла сұрағанға береді. Сол үшін адам өмірде жақсылыққа құмар болу керек", - деді әртіс.