Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында жанармай құю станциясы өртенді

Алматы облысында жанармай құю станциясы өртенді
Qaz365.kz
Өрттен 1967 жылы туған жанармай көлігінің жүргізушісі зардап шекті

ТЖД-ның кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында операторлық автожанармай құю станциясы мен жалпы көлемі 30 текше метр жақын маңдағы цистерналардың өртенгені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Шақыру орнына ТЖД күштері мен құралдары, барлық шұғыл өзара іс-қимыл қызметтері жіберілді. Өрт сағат 20:15-те 80 шаршы метр аумақта оқшауланып, сағат 21:41-де жойылды. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өртке жақын орналасқан газ құю станциясына (30 м қашықтықта), минимаркетке (10 м) және тұрғын үй секторына (15 м) оттың таралуы мен жанармай құю цистерналарының жарылуына жол берілген жоқ», - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Өрттің себебінен 1967 жылы туған жанармай көлігінің жүргізушісі зардап шекті, ол орта дәрежедегі термиялық күйік алды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Ұқсас жаңалықтар