Мәдениет

Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды

Фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланған

Алматы қаласының прокуратурасы "Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм" акционерлік қоғамын тексеру бойынша аса ірі көлемде бюджетті ұрлау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.