"Менің жүрегімді уайымдап жүр еді": актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі қайтыс болды
Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында хабарлады
Актердің бірінші жұбайы Айгүл Иманбаева да бұрынғы қайын атасының өмірден өткеніне Instagram парақшасында көңіл айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Бүгін Асылжанымның атасы Әбдімүтәлі дүниеден өтті. Жақсы кісі еді. Иманды болыңыз, әке! Соңғы кездесуіміз екен", - деп жазды Иманбаева.
"Менің жүрегімді уайымдап жүргенде, өзінің жүрегі тоқтады. Қайран, әкем! Өмірден өте жақсы адам боп өттің", - деп жазды Әбдіхалықов.