Сот Қайрат Сатыбалдының мерзімінен бұрын босату жайлы өтінішіне жауап берді
Қайрат Сатыбалды 2022 жылы лауазымын асыра пайдалану фактісі бойынша күдікке ілінген еді
ШҚО сотында Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының “бас бостандығынан айыру” жазасын “шартты түрде мерзімінен бұрын босату” жазасына ауыстыру туралы өтініші қаралған, деп хабарлайды KYN.KZ.
Судья Сатыбалдының тәртібі мен мінез-құлқындағы тұрақсыздығын ескеріп, жазаны ауыстырудан бас тартты.
Қайрат Сатыбалды 2022 жылы лауазымын асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын ұрлау фактісі бойынша күдікке ілінген еді. Сол жылы қыркүйекте 6 жылға сотталды.