Қоғам

Таразда екі шетелдікті құлдықта ұстаған күдікті ұсталды

Жедел-іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері Түркістан облысының 35 жастағы тұрғынын анықтады

Қалалық полиция басқармасының 2-полиция бөліміне Өзбекстан Республикасының 24 және 40 жастағы азаматтарынан еңбекті пайдалану дерегі бойынша арыз түскен, деп хабарлайды KYN.KZ.

Арызда жәбірленушілер әлдебір ер адамның олардың жеке басты куәландыратын құжатын алып қойып, Тараз қаласындағы құрылыс нысандарында жұмыс істеуге мәжбүр еткені айтылған. Олар қашып үлгерген, алайда иелері құжаттарын қайтару үшін ақша бопсалаған. 

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 126-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағымен (Заңсыз бас бостандығынан айыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Түркістан облысының 35 жастағы тұрғынын анықтады», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Күдікті  талап еткен шамамен 500 мың теңге көлеміндегі ақшаның 200 мың теңгесін алу кезінде ұсталған.