Лудомандарға несие алу қиындай түспек
Соңғы 3 жылда азаматтарымыз 1 трлн. теңгеден астам қаражатын ойынханаларға жұмсаған
Құмар ойынның құрығына іліккен қазақстандықтарға несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ.
Еліміздің қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лудомандарға талап күшейтілетінін хабарлады.
Әзірленген жаңа қаулы бойынша бәс тігуге тәуелділерге 0,25 пайыз деңгейіндегі қарыз жүктемесінің ең жоғары мөлшері еңгізіледі.
Соңғы жарты жылда ойын бизнесін ұйымдастыруға негізделген платформаға 300 мың теңгеден астам ақша салған адам «құмар ойыншы» санатына кіреді. Тиісінше оған берілетін берешек шектетіледі.
Статистикаға сүйенсек, соңғы 3 жылда біздің азаматтар 1 трлн. теңгеден астам қаражатын ойынханаларға қалдырған. Қазіргі күні елдегі әрбір бесінші жас құмар ойынның құрығына ілінген. Қасіреті көп азарттың азабынан шыға алмай қалғандар саны бүгінде 350 мыңнан асыпты.