Қоғам
Несиесін төлемегендерге жаңа кредит берілмейді – заң жобасы әзірленді
- kyn.kz
- 20 желтоқсан, 2023
- 5.1k
Несиеге қатысты заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген
Мәжілістің қарауына «Кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы түсті, деп хабарлайды KYN.KZ.
Депутат, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Савельеваның айтуынша, заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген.
Заң жобасында мынадай нормалар көзделген:
мерзімі өткен кредиттері бар азаматтарға жаңа тұтынушылық несие беруге тыйым салу;
90 күннен кешіктірілген барлық кредит бойынша сыйақы есептеуге тыйым салу;
банктер мен микроқаржы ұйымдарының азаматтардың кредиттерін коллекторлық агенттіктерге сатуын шектеу;