Қоғам

Депутат Берік Бейсенғалиев :”Несие алуда жас шектеуі енгізіледі”

Депутат кредит беруді қиындататын заң жобасы туралы айтты

Төменгі палатаға «Кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы түскен, деп хабарлайды KYN.KZ.

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев қазір табысы жоқ болса ана жерден бір несие алып, оны екіншісімен жауып жүргендер көп деп отыр.

«Ешқандай табысы көзі жоқ, бірақ бірнеше несие алып жүргендер бар. Мысалы, бір жерден 100 теңге алса, бір айдан кейін тағы бір жерден 120 теңге алып жабады. Осылай жинала береді. Арты проблемаға ұласады. Сондықтан табысы жоқ жастарға 21 жасқа дейін несие беруге тыйым салуды көздеп отырмыз. Ал тұрақты табысы бар 21 жастан асқандарға микрокредит беріледі. Сонымен қатар пайыздық ставканы төмендетуді қарастырып жатырмыз», – дейді Берік Бейсенғалиев.